Шымкентте шлем киген ұрылар камераға түсіп қалды Оңай жолмен ақша табуды ұйғарған екі дос түн ішінде скқша табуды ұйғарған екі дос түн ішінде скутер ұрламақ болған. Бірнеше сағаттың ішінде жас жігіттер екі скутерді ұрлап кеткен. Бейнекамералардан қауіптенген олар бастарына мотоциклге арналған шлем киіп алған. Шығын сомасы 1 миллион теңгеден асады. Жәбірленушілер бұл туралы полицияға арызданды. Күдіктілер қала аумағында ұсталды. Олар ұрланған мүлікті 250 мың теңгеге сатып жіберген. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.