Шымкенттік дәрігерлер сірке суын ішіп қойған екі жасар науқастың өмірі үшін екі аптадан астам күресті. Бүлдіршін жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Дәрігерлердің айтуынша, қыз өздігінен тыныс ала алмайтындықтан жасанды тыныс алу аппаратына қосуға тура келген. "11 шілдеде 2021 жылы туған бүлдіршін жедел жәрдеммен гипербарикалық оксигенация орталығына жеткізілді. Қыздың жағдайы ауыр. Сірке суын ішкеннен кейін ентігу байқалған. Ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазір бүлдіршін палатаға ауыстырылды", - деді гипербарикалық оксигенация орталығының бөлім меңгерушісі Орынбаева Асылхан Мыңбосынов. Дәрігерлердің айтуынша, баланың сірке суымен улануына ата-ананың жауапсыздығы себеп болған. Олар қысқа дайындық ретінде банка жауып, сірке суын төменде қалдырып кеткен. Екі жасар бүлдіршін сірке суынан бір ұрттам жасаған. Жедел жәрдем оқиға орнына жылдам жеткен. ""Сол күні ас үйде сірке суы еденде тұрды. Барлығы санаулы секундтар ішінде орын алды. Мунира сол жерде ойнап жүріп, сірке суын ішкен. Біз дереу жедел жәрдем шақырдық. Қызымызды ауруханаға жеткізді. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Түтік арқылы тамақтандырды, асқазаны жуылды. Баламның өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғыс айтамын. Ата-аналарға айтарым, біздің қателігімізді қайталамаңыздар, улы заттарды баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңдарыздар", - деді сәбидің анасы.