Шымкентте төрт түліктің етін бөлшектейтін орындарда санитарлық талап мүлдем сақталмаған

Шымкентте төрт түліктің етін бөлшектейтін орындарда санитарлық талап мүлдем сақталмаған. Тіпті кейбірінде кеміргіштер тайраңдап жүр. Мұндай адам шошырлық көріністі ветеринарлық бақылау қызметінің өкілдері мен прокурорлар, полициямен бірлесіп өткізген рейд кезінде әшкереледі. Қоймаларда қара малдың басы бөлшектеп сатылатыны, арасында мал өлекселерінің де әкелінетінін айтып тұрғындар шағымданған. Тексеру тобы антисанитариялық жағдайға куә болды. Ғимарат іші өте лас. Жерге түскен етті егеуқұйрық емін-еркін кеміріп отыр. Қоймада жүргендердің айтуынша, тартылған бас еттері осы жерден қоғамдық тамақтандыру орындарына жіберілетін көрінеді. Бірақ, олар ет сату үшін тиісті құжаттарын көрсете алмады. Тексеру кезінде белгілі болғанындай, ет сегіз қоймада өңделеді. Нартай АЙДАР, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Мына еттер ветеринариялық сараптамадан өту керек. Ешқандай ақау, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары жоқ па?.. балғындығына сараптамадан өтіп, тексеріледі. Прокуратура мәліметінше, бұл пунктті төрт түрлі кәсіпкер басқарған. Әрқайсысына айыппұл салынған. Тәркіленген ет жойылады. Қазір қоймаларға мөр басылды. Осы жерден шыққан ет әрі қарай нақты қайда сатылғаны да анықталып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
«Көз жасын көрдім»: Алтынай Жорабаева күйеуінің нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды