Шымкентте тұрғын үйде шыққан өрттен ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға бүгін сағат 11-лер шамасында болды. Куәгерлердің айтуынша, үйде сол сәтте алты адам болған. Бесеуі сыртқа шығып үлгеріпті. Ал арбаға таңылған жігіттің күйік шалған денесін өрт сөндірушілер алып шықты. Оқиғаның нақты себептері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша, қазандықтың электр тұрақтандырғышы немесе жылыту қазандығының жанындағы электр сымдары жанып, газ пешін балқытып, газдың ауаға тарауына себеп болуы мүмкін. Нұрбек РАХМАНОВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ ШЫМКЕНТ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Газ қондырғыларының барлық қосылатын жерлері еш ажырамаған. Газдың өз бетінше шығуына ешқандай себеп жоқ. Сол үшін бұл жерде тек қана осы өрт салдарынан болған деп есептейміз. +Бірінші өрт жануы орын алған. Содан кейін ол газ құбырларына мүмкін зақымын тигізген. Содан болуы мүмкін. Бірақ оны енді тергеу жұмыстары және сараптаманың нәтижесінде белгілі болады.