Шымкенттегі Дендросаябақ орналасқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды – Жер аманаты

Шымкенттегі Дендросаябақ орналасқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды – Жер аманаты

Шымкентте «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының араласуымен дендросаябақтың 0,29 гектар аумағы мемлекет меншігіне қайтарылды. Таяуда тағы 0,6 гектар жерді қайтару жоспарлануда. Бұл туралы комиссия мүшелерінің мегаполис тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды.«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері Шымкент қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Олардың қатарында «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов, комиссия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек және комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан бар. А.Асқарова атындағы дендрологиялық саябақ – Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орны. «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек атап өткендей, бұған дейін саябақтың кейбір аумағы заңсыз иеліктен шығарылған еді. 2005 жылы желтоқсанда қала әкімі 0,2430 гектар жер учаскесін үшінші тұлғаға беру туралы қаулы шығарды. 2022 жылы мамырда халық қалаулысы дендросаябақ орналасқан жерді иеліктен шығарудың заңдылығын тексеру қажет екенін айтып, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне өтініш жолдады. «Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті Жер телімін беру және дендросаябақ аумағының конфигурациясын өзгерту кезінде заң бұзушылықтарды анықтады. Дендросаябақ әкімшілігіне иеліктен заңсыз шығарылған жер учаскелерін талап ете отырып Шымкент қаласы әкімдігі шығарған шешімінің күшін жою туралы талап арыз беру қажет екені туралы ұсыныс жолданды. Дендроcаябақ барлық сот отырысын жеңіп, заңсыз иеліктен шығарылған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрынғы әкімдер қабылдаған барлық заңсыз қаулылардың күшін жоямыз. Біз саябақтардың, гүлзарлардың және басқа да қоғамдық орындардың жерлерін иеліктен шығаруға жол бермейміз», – деді ол. «Жер аманаты» төрағасының орынбасары комиссия алдағы уақытта 0,6 гектардан астам жерді мемлекет меншігіне және дендробақ балансына қайтару үшін саябақ әкімшілігіне сот ісі барысында жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Бұдан соң, комиссия мүшелері 2,641 гектар жер аумағы жеке меншікке заңсыз берілген «Кең баба» қалалық саябағына барды. Партиялықтар Шымкент қаласы әкімдігінің осы жер учаскесін жеке меншікке беру туралы қаулысының күшін жою туралы Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке тексеру іс-шараларын жүргізу бойынша өтініш жіберілетінін атап өтті. Осы күні «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері үйлері әуежайдың санитарлық аймағында орналасқан Абай ауданының Қызылжар тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша нысанның күзет аймағы 100 метрге дейінгі қашықтықта болуы тиіс. Оған әуежай маңындағы 139 гектар жер кіреді. Бүгінде мұнда 307 тұрғын үй орналасқан. Алайда, аталған учаскелерді мемлекет меншігіне алу қала бюджеті үшін үлкен ауыртпалық болмақ. Осыған байланысты Шымкент әуежайында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа ұшу-қону жолағын салу туралы шешім қабылданды. Алайда, жаңа жолақ салынатын ауданда 50 үйді бұзу қаупі бар. Комиссия мүшелері халыққа түсіндіру жұмысын жүргізді. «Әуежай маңындағы қарапайым халықтың баспаналары бұзылмайды. Біз осы мәселе бойынша тұрғындардың пікірін тыңдау үшін Шымкентке арнайы келдік. Ортақ шешімге келу жолдарын қарастырып жатырмыз», – деді комиссия төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Теміржанов. Былтыр Шымкенттегі «Жер аманаты» комиссиясы жұмысының арқасында Көкбұлақ тұрғын алабында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 603 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар, қала шегіндегі жалпы аумағы 1,33 гектарды құрайтын екі жер учаскесі де мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған дейін бұл жерлер коммерциялық компанияға шаруашылық мақсатта берілген еді. Алайда жерді пайдалану мерзімі өтіп кетті. Еске сала кетейік, бір жарым жылда ел аумағында 10 млн гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді әділ бөлу мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өткен жөн. «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде осы міндеттің жүзеге асуына қоғамдық мониторингі жүргізіп келеді. Бұған дейін республикалық «Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшылығы мен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесі көрсетілген jerkarta.gharysh.kz интерактивті картасы әзірленген болатын. Еске сала кетейік, жер мәселелерін жедел шешу үшін қазақстандықтар «AMANAT» партиясының 8 800 080 44 41 «Сенім телефоны» арқылы заң бұзушылықтың барлық фактісі туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмірі бойынша қабылданады.

Депутаттар жаңа Су кодексін қабылдады
Депутаттар жаңа Су кодексін қабылдады
  • baq.kz
Трамп: АҚШ-тың сөз бостандығын қайтардым
Трамп: АҚШ-тың сөз бостандығын қайтардым
  • baq.kz
Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Рыспековке бірқатар тапсырма берді
Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Рыспековке бірқатар тапсырма берді
  • Massaget
Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жүргізілуде
Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына белсенді дайындық жүргізілуде
  • aqshamnews
Ауызашар беру: сауапты амал ба, бизнес пе?
Ауызашар беру: сауапты амал ба, бизнес пе?
  • aqshamnews
«Бір кітаптың ізімен»
«Бір кітаптың ізімен»
  • aqshamnews
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
  • aqshamnews
Көненің көзі, әуеннің өзі....
Көненің көзі, әуеннің өзі....
  • aqshamnews
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
  • aqshamnews
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
  • aqshamnews
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
  • aqshamnews
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
  • aqshamnews
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
  • aqshamnews
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
  • aqshamnews
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
  • aqshamnews
Гүл саудасы қызып тұр
Гүл саудасы қызып тұр
  • aqshamnews
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
  • aqshamnews
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
  • aqshamnews
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
  • aqshamnews
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
  • aqshamnews
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
  • aqshamnews
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
  • aqshamnews
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
  • aqshamnews
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
  • aqshamnews
Ұлттық құрама ойыншыларын азаматтықтан айырды
Ұлттық құрама ойыншыларын азаматтықтан айырды
  • penalty
Ардагер футболшы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға шақыртылуы жайлы: бұдан футболшының өзі де Қазақстан құрамасы да ұтатыны анық
Ардагер футболшы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға шақыртылуы жайлы: бұдан футболшының өзі де Қазақстан құрамасы да ұтатыны анық
  • aladop.kz
ММА Азия ойындарының бағдарламасына енді
ММА Азия ойындарының бағдарламасына енді
  • 1bol.kz
Әлем кубогіне төрт қазақстандық семсерші қатысады
Әлем кубогіне төрт қазақстандық семсерші қатысады
  • Vesti
Абай облысында монополистер 3,5 млрд теңгеге көмір сатып алмақ болған
Абай облысында монополистер 3,5 млрд теңгеге көмір сатып алмақ болған
  • azattyq-ruhy
Түркістан облысында полиция инспекторы мерт болды
Түркістан облысында полиция инспекторы мерт болды
  • qaz365.kz
Тоқаев Ақордада Шығыс Қазақстанның әкімі Сақтағановты қабылдады
Тоқаев Ақордада Шығыс Қазақстанның әкімі Сақтағановты қабылдады
  • azattyq-ruhy
«Туризм, цифрландыру, көлік-логистика секторы мен агроөнеркәсіпке назар аударылады»: Нұрымбет Сақтағанов Президентке есеп берді
«Туризм, цифрландыру, көлік-логистика секторы мен агроөнеркәсіпке назар аударылады»: Нұрымбет Сақтағанов Президентке есеп берді
  • sn.kz
Тоқаев ШҚО әкімі Сақтағановты қабылдады
Тоқаев ШҚО әкімі Сақтағановты қабылдады
  • TengriNews
“Болашақ сәулетшілері“ Марат Әбиевке жаңа үкім шығарылды
“Болашақ сәулетшілері“ Марат Әбиевке жаңа үкім шығарылды
  • TengriNews
Тоқаев Ұлытау облысының әкіміне тапсырма берді
Тоқаев Ұлытау облысының әкіміне тапсырма берді
  • TengriNews
Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету: ІІМ бұл ұсынысқа не дейді?
Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету: ІІМ бұл ұсынысқа не дейді?
  • TengriNews
Қазақстанда жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы тағы да айтылды
Қазақстанда жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы тағы да айтылды
  • TengriNews
Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін
Қазақстанда жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру онлайн жүргізілуі мүмкін
  • bugin.kz
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды
  • TengriNews
Жасанды интеллект мұғалімдер санын қысқартпай ма?
Жасанды интеллект мұғалімдер санын қысқартпай ма?
  • baq.kz
«Алматыға аяқасты ұшып келдік»: Төреғали Төреәлінің қарындасы күтпеген мәлімдеме жасады
«Алматыға аяқасты ұшып келдік»: Төреғали Төреәлінің қарындасы күтпеген мәлімдеме жасады
  • sn.kz
«Ұмытпа, қазақ!» әні жарыққа шықты
«Ұмытпа, қазақ!» әні жарыққа шықты
  • qaz365.kz
Астанада 8 наурыз мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді
Астанада 8 наурыз мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді
  • el.kz
Рамазан 2025: Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма?
Рамазан 2025: Ораза кезінде тырнақ бояп, кірпік жабыстыруға бола ма?
  • Massaget
Талдықорғанда анасын ұрған адам 10 күнге қамауға алынды
Талдықорғанда анасын ұрған адам 10 күнге қамауға алынды
  • almaty_tv
Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
  • almaty_tv
Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылып отыр
Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылып отыр
  • TengriNews
Әкімдік Астананың ең сұлу әрі жас мұғалімін іздеп жатыр
Әкімдік Астананың ең сұлу әрі жас мұғалімін іздеп жатыр
  • azattyq-ruhy