Шымкенттегі Еңбекші ауданында жаңа гүлзар ашылды

Еңбекші ауданындағы Жібек жолы - Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. Жаңа әлеуметтік нысан кәсіпкерлер тарапынан іске асырылып отыр. Аумағы 1,1 гектар гүлзарда тұрғындарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.Ауданда 2022 жылы «Қазақстан-Түркия достығы» саябағы тұрғындар игілігіне берілген еді. Биыл тағы бір жаңа гүлзар тұрғындарға қуаныш сыйлады. Жаңа нысан – BI group компаниясының қалаға сый ретінде тартуы. Жұмысшылар құрылысты 1,5 ай ішінде, қала күніне орай аяқтады.Жаңа аллея BIG TULIP атауын иеленген. Tulip түркі тілінде қызғалдақ деген мағынаны береді. Аллеяға кіреберістегі 5 қызғалдақ түнде жарқырап, қаланың көркін арттырады. Компания өкілі Қайрат Қуанышбаевтың айтуынша, қыркүйек айында тағы бір жоба тапсырылмақ.Бұған дейін заңсыз сауда нысандары болған аумақ осылайша абаттанған орынға айналды. Қала әкімі тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары одан әрі жалғаса беретінін айтты.Өздеріңіз білесіздер, бұндай нысандарға бюджеттен қаржы бөлініп жатқан жоқ. Бәрі де кәсіпкерлердің өз бастамасымен, сый ретінде салынуда. Осы іске үлес қосқан сіздерге де рақмет. Игіліктеріңізге пайдаланыңыздар. Жақсы орындар көбейе берсін. Енді осы нысанды өздеріңіз күтіп-ұстаңыздар. Жалпы халықтың да тазалыққа деген санасы өзгеруі керек. Қазір қалада субұрқақтардың ескірген насостарын ауыстырып жатырмыз. Жақын арада оны да іске қосамыз, – деді қала әкімі тұрғындармен кездесуде.Өз кезегінде қала тұрғындары да шаһар басшысына ризашылығын айтты. Осындай жаңа гүлзарлар көптеп ашылғалы жастардың, тұрғындардың да тазалыққа деген ойы өзгере бастағанына жеткізді. Қызғалдақ – қаламыздың символы. Big Tulip атауы адамдардың назарын осы әдемі гүлге аударуды көздейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті
Пияздың пайдасы мен зияны
«МҰЗ-2024»: Шымкентте 15 қауіпсіздік белгісі орнатылды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты