Шымкенттегі жол апаты: Жүргізуші автобустың қол тежегішін тартқан-тартпағанын тергеу анықтайды

Шымкентте тұрған орнынан жүріп кетіп, алты адамды соққан автобусты қол тежегішін тартып қою (“ручникті” тартып қою - авт.) режиміне қоймаған, яғни жүргізуші қол тежегішін тартпаған. Мұны осы автобус бағытына иелік ететін Shymkent BUS көлік компаниясының директоры Азат Қайыпбек айтты, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ.Ал Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев жүргізуші “ручникті” тартқан-тартпағаны әлі нақты белгісіз екенін ескертті. Оның сөзінше, тергеу қорытындысын күтуіміз керек. Шымкенттегі жол апаты: Жүргізуші автобустың қол тежегішін тартқан-тартпағанын тергеу анықтайды Бүгін Шымкенттің жолаушы тасымалдайтын компания өкілдері “Диспетчерлік қызмет орталығының” ғимаратына жиналып, 8 сәуір кешкісін болған автобус апатының себебін және алдағы уақытта мұндай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін не істеу керек екенін талқылады. Жиынды Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұйымдастырды. Шымкент жұртшылығы арасында “жүргізуші автобустан шықпас бұрын ручникті тартқан ба, жоқ па” деген сауал көп талқыланып жатыр. Сол автобус тиесілі №21 бағытқа иелік ететін Shymkent BUS компаниясының директоры Азат Қайыпбектің айтуынша, автобус жүргізушісі соңғы аялдамаға келіп тоқтап, “дәретханаға барып келейін” деп, автобусты сөндірмей, қол тежегішін тартпай, автобус есігін жауып, шығып кеткен. Жүргізуші №21 бағыттың соңғы аялдамасына жетіп, тоқтаған. Сол кезде аялдамада тұрған бір келіншек баласымен автобусқа мінбекші болады. Жүргізуші: «дәретханаға барып келсем бола ма» деп, автобусты өшірмей, қол тежегіші тәртібіне ауыстырғанына көз жеткізбей, автобустан түсіп, есігін сыртынан жауып кеткен. Автобустың ішіндегі видеобақылау камерасының жазбасын көрдік. Автобус сол тоқтаған жерінде 30-40 секундтай қозғалмай тұрған. Бірақ 30-40 секундтан кейін белгісіз себептен астыға қарай түсе бастаған. Автобус орнынан жүріп кеткен кезде сәтте ішінде жүргізуші болмаған. Автобус адамдарды соғып, тоқтағаннан кейін сол маңдағы екі жай адам автобустың есігін ашып, көрген. Бірақ олар қол тежегішіне тиіспеген. Содан кейін жүргізуші жүгіріп келіп, қол тежегішіне созылып, кейін тартып қойған. Автобустың техникалық жағдайы 100% сәйкес келеді, – дейді Shymkent BUS директоры Азат Қайыпбек.Сол кезде мұны естіген Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев жиынға қатысушылар мен журналистерді тергеу қорытындысын күтіп, анық-қанығына көз жеткізуге шақырды. Оның сөзінше, жүргізуші қол тежегішін тартып, қосып кетті ма, жоқ па, мұны тергеу анықтайды. Тергеу нәтижесі әлі шықпады. Әріптестер, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, кешегі жағдайға байланысты тергеу жүріп жатыр. “Жүргізуші ручникті тартты ма, жоқ па”, “бұл оқиғада жүргізуші кінәлі ме әлде автобустың техникалық жағдайы кінәлі ме”, деген басты сұрақтардың нақты жауабын, анық-қанығын тергеу нәтижесінен кейін ғана айта аламыз. Сондықтан тергеу нәтижесін күтейік, – дейді Мұхтар Қоқанбаев.8 сәуір, кешкісін сағат 18:30 шамасында Шымкент қаласында Бәйтереков көшесінің Назарбаев даңғылы мен Назарбеков көшесі аралығында тұсында автобус апаты болды. Аялдама жанында тұрған №21 бағыттағы автобус орнынан жүріп кетіп, жолдың қарсы бағытына шыққан. Содан кейін жолдың жиегіне ойысып, жаяу жүргінші жолағындағы 6 адамды соқты. Оның бесеуі ауыр жарақат салдарынан көз жұмды, біреуі ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы бірқалыпты.Полицейлер автобуста жүргізуші де, жолаушы да болмағанын анықтады. Қазір Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автобустың жарамдылығын тексеретін автотехникалық сараптама тағайындалған. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді – Тоқаев
Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Синоптиктер 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды