Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабы келер жылы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылады. Қазір аумақта құбыр тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұдан бөлек елдімекенге таза ауыз су кіргізіп, сапалы электр энергиямен қамту бағытында да көп шаруа атқарылып жатыр. 60 мыңдай тұрғыны бар елдімекеннің өзекті мәселесі осылайша біртіндеп шешімін табуда.Қайнарбұлақ тұрғын алабы мегополис аумағына 2012 жылы қосылған. Қалаға қарағанмен мұндағы халық әлі күнге қыстың күні от жағып, күл шығарып күнелтіп келеді. Көгілдір отын жоқ. Өйткені осындағы алпыс мыңдай халықтың дені бұрынғы саяжай аумағына жайғасқан. Қайнарбұлақтағы әр көшеге қойылып келе жатқан мынадай сары жәшіктердің орнатылуын мұндағы жұрт талайдан күткен. Сегізбай ӨСКЕНБАЙ, ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ТӨБЕ БИІ: Осы уақытқа дейін қозғалмаған сеңді қозғап, үлкен қаражаттар бөлдіріп, осы жұмыстар қазір шешімін табуда. Енді біздің халықтың көбісінің сұрап жатқаны осы көгілдір отынды күзге дейін қосып берсе деген өтініші бар. Іргесі ажырамаған екі ауылды бірдей газға қосу үшін тиісті шаруалар істелген. Нәтижесінде газ ғана емес, ауыз су мен жарық мәселесі де шешілер күн жақын. Талғат БАЛТАБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біз енді «AMANAT» партиясынан сайланған депутат болғаннан кейін біз өзіміздің жауапкершілігімізді халықтың алдында біз халықтың қызметшісі екенімізді терең сезінеміз және айтылған уәделердің бәрін орындалуына себепкер боламыз. Шымкентте депутаттардың араласуымен шешімін тапқан мәселе аз емес. Халық қалаулыларының тұрғын үй мәселесінде де ықпалы басым. Былтыр әлеуметтік және көпқабатты үйлердің санын арттыру бағытында 15 млрд теңге қаржы қосымша бөлінді. Нәтижесінде кезек күткен отбасыларға берілген баспана саны екі есе ұлғайған. Ескі үйлер де назардан тыс қалмай келеді. Қайрат ИМАШЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қаламыздағы ескі көпқабатты ескі үйлердің көп екенін өздеріңіз білесіздер. Ол біздің сайлауалды бағдарламамызда да бар. Биылға біз жоспарланған 20 үй жөндеуіміз керек, модернизация дейміз ғой. Соның 15 үйі қазіргі таңда қаражаты шешіліп, соңғы сессияда менің депутаттық сауалыммен шешімін тауып, оң шешімін тауып қаражат бөлініп отыр. Шымкент қалалық мәслихатында 32 депутат бар. Биыл депутаттардың сұранысы бойынша 70 млрд теңгеден астам қаржыға алпыстан астам депутаттық сауал жолданған. Оның 90 проценті -әлеуметтік мәселе. Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Соның ішінде 70 пайызы инфрақұрылым, су, газ, свет, жол салу деген мәселелер, транспорт мәселесі көп айтылады. Осы мәселелердің барлығы ол деген сөз осы соңғы үш айдың ішінде біз алпыстан астам депутаттық сауалмен 70 млрд-тан астам қаржыны қосымша бөлдіріп отырмыз. Осының арқасында мысалы көптеген жылдардан бері кезек күтіп отырған, мәселесі шешілмей отырған елдімекендерге газ, свет су басқа да инфрақұрылымдар кіріп жатыр. Ал былтыр жарты жылдың өзінде бюджеттен 170 млрд теңге бөлінген. Мәдениет, спорт саласы да халық қалаулыларының назарында.