Шымкенттегі №33 мектепте туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім сабақ берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.Басылым мәліметінше, №33 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі туберкулездің ашық түріне шалдыққанына қарамастан бірнеше сыныпқа сабақ берген. Санитарлық эпидемиологтардың айтуынша, мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжым арасында туберкулез ауруының алдын алу үшін барлық шаралар қабылданған. «11 сәуірде оқиға анықталған соң мектеп толық дезинфекцияланды. 12 сәуірде мектеп жұмыс істемеді. Сол кезде байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Науқас әйелдің өзі ауруханаға жатқызылды. Жағдайы тұрақты», - деді Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.