Шымкенттің өрт сөндірушілері өрт кезінде 6 баллонды шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Шымкент төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, диспетчерлік қызметтің "101" пультіне 17 шілдеде сағат 15:24-те әл-Фараби ауданы Төлеби көшесінде өрт туралы хабарлама түскен.Оқиға орнында 150 шаршы метр алаңда екіқабатты "Темірлан" тұрмыстық техника дүкенінің шатыры, сондай-ақ 650 шаршы метр алаңда жапсарла соғылған қойма жанған. Өрттің жалпы ауданы 800 шаршы метр болған.Өрт сөндірушілер 5 газ және 1 оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды."Өртті сөндіруге Шымкент төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 120 адамы мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін 6 адамнан тұратын қалалық коммуналдық қызметтер және 6 бірлік техника су тасымалдауды қамтамасыз етті. Психологиялық қызмет тобының психолог мамандары халыққа көмек көрсетті", - делінген хабарламада.