Шымкенттік оқушы шетелдік 40 университеттен шақырту алды

Шымкенттік оқушы шетелдік 40 университеттен шақырту алды. Ағылшын тілінен білімін жетілдіретін орталықтардың бірінде оқыған отыз бала да осал емес. Әрқайсысына кемінде 20 оқу орны құшағын айқара ашып отыр. Барлығы 100 процент грантты қанжығаға байлап үлгерген. 17 жастағы Сунатулла Октамов шетелдің 110 университетіне құжат тапсырған. Оқу үздігі солардың ішінен 40 университетке шақырту алып отыр. Бизнес басқару мамандығын таңдап отырған түлек Малайзияда білім алуды құп көріп отырғанын айтады. Сунатулла ОКТАМО, ОҚУШЫ:  Малайзияда бір жыл оқып, содан басқа елге ауысуды жоспарлаймын. Өйткені менің шақыртуларымда Европадан шақыртулар бар. Ол программа арқылы сол жаққа түсемін. Менің ойымда сол жақтың білімін алып, өзіміздің Қазақстанға әкеліп, Қазақстанда бизнесті дамыту ойымда. Академияның тағы бір үздік түлегі -Нұрай Бейбітбай. Ол өзі құжат тапсырған 70 шетелдік оқу орнының 21 университеттен шақырту алған. Соның арасынан Италияның ең үздік университеттерінің бірі – Сиена университетін таңдап отыр. Нұрай БЕЙБІТБАЙ, ОҚУШЫ: Себебі дәл осы университет менің осы бизнес сферама өте көп мүмкіндік береді. Және де осы бизнес сфераны оқып, содан кейін өзімнің еліме қайта оралып, жұмыс істесем бе деген ойым бар. Себебі білесіздер ғой, әйгілі компаниялар бар, сол сияқты мен де өзімді осы елімді барлық бүкіл әлемге таныстырғым келеді. Екі жыл бойы көз майын тауысып, білім деңгейін жетілдіріп жүрген Динара Нұрдәулет те- ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтаған қыздардың бірі. 20 университет өзіне құшақ ашып отыр. Динараның таңдап отырған бәсекелестік ең жоғарғы мамандықтардың бірі - компьютер инженері. Динара НҰРДӘУЛЕТ, ОҚУШЫ: Мен әлем бойынша 20 –шы тұрған университет Торонто деген университеке түстім. Дегенмен менің қалауым Америка болған соң сол универді таңдадым. Менің ойымша Америкада менің мамандығым бойынша көптеген преспективалар бар. Аталмыш академияда оқып жүрген 30 оқушы жалпы шетелдік оқу орындарынан 12 млн доллардың грантын ұтып алыпты. Айгерім АСҚАРБЕКҚЫЗЫ, БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің мақсат-бәсекеге қабілетті жастарды өсіру. Біздің жігіттеріміз, қыздарымыз шетелге барып, мықты тәжірибелерді жинап келіп, Қазақстанның экономикасын дамытуына, Қазақстанды өсіруге үлесін қосады деп сенеміз. Түлектердің де мақсаты- осы. Өзге елдегі озық білімді алса да, елге келіп, еңбек етуді көздейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Алтын сақа» орталығына барды
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан