Шымкенттік шенеунік пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары үш жылға сотталды. Ол жалған анықтама беріп, 300 мың теңге пара алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап.Қалалық соттың мәліметінше, сотталушы О.-ға қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жалпы тәртіппен қаралған. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі "қызметтік өкілеттігіне кіретін пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін айтарлықтай мөлшерде жеке өзі пара алу" бойынша айыпталған."Азамат О. "Қазақстан Республикасы Экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы Комитеті Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, лауазымды адам бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігіне кіретін пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін жеке өзі айтарлықтай мөлшерде пара алу мақсатында, қызметтік кабинетінде куә Т.-дан 300 000 /үш жүз мың/ теңгені "Балықтың қайдан ауланғандығы туралы" анықтаманы бергені үшін алған", - делінген сот хабарламасында. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ақпаратынша, сотталушыға Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. "Ол айыптау бойынша кінәсын мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Сотталғанға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады соттан.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Челси" клубы "Астанаға" қарсы шығатын құрамын жариялады
«Екі салмақтағы нәтижемен келіспейміз»: Бокстан бас бапкер Азия чемпионатына қатысты пікір білдірді
Қазақстанның қазба байлығы қашан таусылады?: 12 желтоқсан 2024, 16:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен кездесті
16 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Алимент төлемеген 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
«Үшеуі де ұл бала»: Павлодарда үшем дүниеге келді
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Қытайда 1500 м биіктікте "Аспандағы баспалдақ" аттракционы ашылды