Шымкенттік тұрғын досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен. Полицияға арызданған жас жігіттің айтуынша, өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып бопсалаған. Сұраған соманы әкелмеген жағдайда оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп қорқытқан. Абыройына алаңдаған жігіт бейтаныс адамның айтқанына көніп, талап еткен ақшаның 10 млн теңгесі салынған сөмкені айтылған жерге қалдырған. Полицейлер күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде қылмыс үстінде ұстады.Бақдәулет ОРАЗБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Ол досының смартфонында жеке суреттер мен бейнежазбаларын көшіріп алған. Кейін әлеуметтік желіде жалған парақша ашып, оны жарияламау үшін 100 мың доллар талап еткен. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚР 194 бабы 4-ші бөлігімен іс қозғалды. Қазіргі таңда күдікті қамауда.