Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін

Қалың жауған қардан кейін Шымкенттің кей аймақтарын су басуы мүмкін. Қала әкімі Мұрат Әйтенов су басу қаупі бар аумақтарды аралады. «Бадам» су қоймасында қазір тасқынның алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл қалада қардың жылдағыдан қалың жауғанына байланысты қойма толып, тасқын қаупі туындаған жағдайда, шлюздерді реттеу арқылы суды Бадам өзеніне жіберу жоспарланып отыр.Ал, сыйымдылығы 4,6 млн текше метрлік «Тоғыс» қоймасында су жинау бүгінде автоматты түрде жүргізіледі. 265 шақырымдық тоған аумағында қазір су басу қаупінің алдын алуға бағытталған шаралар жан-жақты атқарылып жатыр. «Ақсай қарабастау» каналы да қаладағы су тасқыны қаупі жоғары аумақ саналады. Қазір ұзындығы 10,5 шақырым каналды қардан, мұздан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Қаланың қауіпті аймақтарындағы су тасқынына қарсы жұмыстарды пысықтаған қала басшысы жауаптыларға мердігер мекемелердің дайындығын қадағалауды қатаң тапсырды.«Су тасқынының алдын алуда аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары бірлесе, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ең алдымен, ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Техникалардың дайындығын қадағалау, тиісті шараларды шұғыл жүзеге асыру – басты назарда болуы керек», - деді қала әкімі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
«Ағашпен бірге бөтелке салып жіберген»: Қайғылы оқиғаның себебі айтылды
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды