Шыңжаңда келесі сәрсенбі күні Ораза айтқа 1 күн демалыс беріледі және жеңіл автокөліктер ақылы жолдардағы төлемнен босатылады, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».Аталған БАҚ-тың келтірген деректеріне сүйенсек, ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономялы өлкелік халық үкіметі кеңсесінің 2024 жылғы мерекелік демалыс күндерін орналастыруы бойынша, 10 сәуір күні Ораза айтқа 1 күн демалыс берілмек. Сонымен қатар 10 сәуір күні сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін өлке ішінде ақылы жолдарда 7 және одан аз орындық автокөліктер тегін жүре алады.