«Қазгидромет» РМК 17 наурызда бірқатар өңірде күн райы бұзылатыны жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қаласында кей уақытта тұман болжанады. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында екпіні күндіз 15-20 м/с құрайды. Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз өңірдің батысы мен оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Атырау облысының батысында, шығысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің батысында, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз 2-7 градус жылы болады. Түнде және таңертең Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с екпінде жел болады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында шығыстан жел соғады, күші 23 м/с жетеді. Шымкент қаласында шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Сондай-ақ 17-18 наурыз аралығында Жетісу, Алматы облыстарының тау және тау етегіндегі аудандарда, сонымен қатар Алматы қаласының маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанады. Сондай-ақ температуралық фон жоғарылайды. Осыған байланысты қар қарқынды еріп, тау беткейлерінен еріген қар суы ағады, су алаптарында мұз әлсіреп, су деңгейі көтеріледі. Су арнадан асып, жайылуы мүмкін.