Синоптиктер ауа райына байланысты тұрғындарға ескерту жариялады

«Қазгидромет» мамандары ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті,-деп хабарлайды Айқын.кзНайзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жауын-шашынсыз ауа райы елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында сақталады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады деп болжанады.Қостанай облысының орталық бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Соққан желдің екпіні 15-20 м/с шамасында болады. Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Таңертең және түстен кейін Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні - 15-20 м / с. Қызылорда облысының шығысында және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда найзағай болады, күндіз соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді. Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Желдің екпіні — 15-20 м/с. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі бар. Қостанайда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Облыстың батысында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін, Петропавл қаласында да жел екпіні 15-20 м/с болады. 8-9 мамырда таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Мамандар Семей қаласы бойынша 7 мамырда сағат 21:00-ден 8 мамырда сағат 21:00-ге дейін қолайсыз ауа райында сақ болу керегін ескертеді. 7 мамырда сағат 21:00-ден 8 мамырда 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалаларында да табиғат тосын мінез танытуы мүмкін. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Цифрлық нотариат» жобасы тағы бір жылға ұзарады
Алимент төлемей жүрген әкелерден 83 млн теңге өндірілді
Судья сотталушының жұбайын 110 млн. теңге пара беруге итермеледі деп айыпталуда
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қамалды?