Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 1-3 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz."Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің барлық өңірлеріне жаз мезгілі күнтізбеге сай келеді. Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның тек батыс облыстары мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы мына өңірлерде біртіндеп көтеріледі: республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде +36+41°С-қа дейін; шығыста +28+33°С-қа дейін; орталықта +30+39°С-қа дейін; оңтүстікте +37+43°С-қа дейін; оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін.