Синоптиктер Қазақстанның шығысында боран соғатынын болжады

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 27 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды."Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр, қар жауады деп болжады. "Республиканың батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста көктайғақ болады, Шығыста боран соғады", – делінген хабарламада. Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз 0,-2°C.Алматыда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +11+13°С. Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық таеквандошылар халықаралық рейтингтік турнирде 14 жүлдеге ие болды
Ресейдің танымал әншісі қазақстандық жасөспірімді зорламақ болған
Қазақстан ITB Berlin 2025 халықаралық туристік көрмесіне қатысуда
Қазақстандық таеквандошылар халықаралық рейтингтік турнирде 14 жүлдеге ие болды
Данияр Елеусінов қазақ халқынан кешірім сұрады
Қазақстан ITB Berlin 2025 халықаралық туристік көрмесіне қатысуда
«Назарыңнан таса етпеші...»: Жұлдыз Әбдікәрімова жантебірентер жазба жариялады
Ресейдің танымал әншісі қазақстандық жасөспірімді зорламақ болған
"Жалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреп жүр": астанада болған жағдай видеоға түсіп қалды
Сенаторлар БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдерімен кездесті
Астанада 7-9 наурыз аралығында мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
«Бара-бара қазақ болады»: Байзақов кәріс әйелінің қазақ тілін қаншалықты меңгергенін тексерді
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады
Бас мүфти қандай жағдайда пітір садақасы берілмейтінін айтты
5 наурызға арналған валюта бағамы жарияланды
«Қазақ бейнелеу өнері ауыр қазаға ұшырады»: суретші Гүлмаржан Сәлімгерейқызы көз жұмды
Жамбыл облысында 20 елді мекенге ауыз су тартылады
"Астана" баскетболшылары жеңісті уысынан шығарып алды (ВИДЕО)
«Тыржалаңаш мұзда сүйреген»: Астаналық жігіттердің оғаш әрекеті камераға түсіп қалды (ВИДЕО)
«Тыржалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреді»: елорда көшесінде болған жағдай видеоға түсіп қалды
Семейде өрт сөндірушілер 7 жасар қыздың өмірін сақтап қалды
Криштиану Роналду әйелінің көзіне шөп салғаны үшін 99 рет дүре салу жазасына кесілді – БАҚ
Мемлекеттік аудитор біліктілігін алу үшін өтінімді онлайн беруге болады