Синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан азамат ұсталды

Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.26 тамызда Абай облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен “Құқықтық тәртіп”, “Қарасора – 2023” ЖПІШ өткізу барысында есірткінің синтетикалық түрлерін заңсыз таратқаны үшін Шығыс Қазақстан облысының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Тінту жүргізу барысында жалдамалы пәтерде ұнтақ түріндегі заты бар полимерлі пакет табылып, тәркіленді. Қорытындыға сәйкес, зерттеуге алынған заттың салмағы 45,89 грамм, А-PVP психотроптық зат. Тінту барысында өлшеп-орау үшін қажетті құралдар, атап айтқанда таразы, 20 қаптама мөлшеріндегі жаңа зип-пакеттер, жабысқақ ленталар мен магниттер тәркіленді. Қара нарықта ірі көлемде синтетикалық есірткілердің партиясының құны шамамен 1 млн 350 мың теңгені құрайды. Бұл партия – 150-ден астам бір реттік доза. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Компанияға 24 млн қарыз - Астана тұрғыны белгілі актрисаны сотқа берді
Қоспаевтың арыстандары бар фазендасы тағы көрсетілді
«AMANAT»: Сыр өңірінде 106 отбасы баспаналы болды
Амилай қамауға алынды
Қаржаубай неге қаралды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі