"Синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі", - Е.Қарин

Парламент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында кезекті заң жобасын қарады.  Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телергам каналында жазды."Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде есірткі заттарын өндірген адамдардың жазасын барынша күшейтіп, мұндай әрекетті аса ауыр қылмыстарға теңестіруді ұсынды.   Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда есірткінің, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттар әзірлеген заң жобасын мақұлдады.  Заң жобасына сәйкес есірткі өндіруді және оны өткізуді ұйымдастыратын адамдарға қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі. Бұл қадам астыртын есірткі зертханаларын анықтауға және олардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Үкімет былтыр нашақорлықпен күресу және елімізде есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту үшін Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске қатысты кешенді жоспар бекіткен болатын. Мәжілісте қаралған заң жобасы осы бағыттағы жұмысты жандандыруға жол ашады", - деп жазды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Дарынды, еңбекқор еді»: Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Абай облысының полицейлері жоғалған баланы анасына қайтарып берді
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды