Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын Сириядан қайтарды.ҚР ҰҚК мәліметінше, оны қайтару бойынша гуманитарлық операцияға жарты жылдан астам уақыт кеткен. Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында. "Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада ол туыстарына беріледі", - делінген хабарламада. Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге жеткізген.