Сирияда қақтығыс уақытша тоқтап тұр

Сирия Араб елдері лигасына қайта оралды. Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Қанат Тумыш Астана форматындағы Сирия бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу барысында айтты. Ол «бұл жайтты процестің басты нәтижесі» деді. Кездесуде тағы қандай мәселелер көтерілді? Толығырақ әріптесім Сүндет Оралбеков айтсын.Елордада өткен кездесуге Ресей, Түркия және Иранның делегаттары мен Сирия үкіметі және оппозициясының өкілдері, сондай-ақ бақылаушылар қатысты. Сирия бойынша халықаралық форум 2017 жылдан бері 20 рет өткізілген. Оның 18-і Қазақстанда болды. Нәтижесінде Сирия Араб елдері лигасына қайта оралды. Қанат ТУМЫШ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осыған байланысты Сирия аймақтағы оқшаулануынан біртіндеп Астана процесінің өз міндетін аса абыроймен атқарып, тәмамдағанының белгісі ретінде тұжырымдауға әбден болады. Осы ретте аталған қол жеткізілген жетістіктерді, назарға ала отырып, Сирия бойынша бүгінгі 20-шы кезекті отырысты Астана процесі шеңберіндегі соңғы шара деп ресми жариялаймыз. Бұл шешімді бірлескен мәлімдемеге енгізуді сұраймыз. Қазір Сириядағы ахуал түбегейлі өзгерді. Елде қақтығыс уақытша тоқтаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл- Астана форматының нәтижесі. Сонымен қатар, Түркия-Сирия қатынастарын қалыпқа келтіру бойынша Жол картасын дайындау мақсатында кепілгер елдер арасындағы консультация нәтижелі аяқталды. Ақмарал БАТАЛОВА, САРАПШЫ: Біраз жылдан бері Таяу Шығыста қарулы қақтығыстарды тоқтату мақсатында келіссөздер Орталық Азияда өтіп келеді. Айта кету керек бірінші рет сунниттік Түркия мен шейттік Иран бір үстел басында бас қосып, бірігіп жұмыс жасай алатынын көрсетті. Сол секілді Сирия билігі мен қарулы оппозиционерлер де кездесуге қатысты. Астана форматының тағы бір нәтижесі Сирияда Конституциялық кеңестің құрылуы. Онда қарапайым халық, билік өкілдері мен оппозиционерлерден құралған 150 адам елдің конституциялық олқылықтарын ретке келтірмек. Күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды өзгерту, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу мәселелері талқыланды. Басель Хадж ДЖАСЕМ, САЯСАТКЕР: Астана форматы әрі қарай жалғасын тапса, Сириядағы қақтығыс тоқтап, босқындар оралуы мүмкін. Қазірдің өзінде бірқатар өзгерістер орын алды. Мұның барлығы Қазақстан ұйымдастырып жатқан дүниежүзілік кездесудің нәтижесі деп нақты айта аламын. Сыртқы істер вице-министрінің сөзінше, бұл Астана форматы аясындағы соңғы кездесу болуы мүмкін. Ал сарапшылар әлі де жалғасын табатын шығар деген ой айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады