Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3574-ке жетті

Cирияда жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен провинцияларда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы Анадолу агенттігіне сілтеме жасап. Іздеу-құтқару жұмыстары зілзаладан зардап шеккен Идлиб, Алеппо, Хама, Лазкие және Тартус провинцияларында жүріп жатыр. Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, Идлиб провинциясында және «Евфрат қалқаны» мен «Зәйтүн бұтағы» операциялары аймақтарында 2 166 адам қаза тауып, 2 950-ден астам адам зардап шекті. Sana агенттігінің хабарлауынша, Башар Асад режимі бақылауындағы Алеппо, Лазкие, Хама және Тартус провинцияларында 1 408 адам қайтыс болды, 2 341 адам зардап шекті. Осылайша, Сириядағы табиғи апат құрбандарының жалпы саны 3 574-ке дейін өсті. Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек беруді тапсырды. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS) қолдауымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?