Сирияға гуманитарлық көмек алып барған экипаж елге оралды

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Киім-кешек, қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары мен өзге де күнделікті қолданысқа қажетті заттар Газиантеп қаласына жеткізіледі. Ал Сирияға Гуманитарлық көмек алып барған экипаж елге оралды. Толығырақ тілшіміз Сүндет Оралбеков айтады.Анадолыда алғашқы жер сілкінісінен кейін 212 сағаттан кейін 77 жастағы кейуана қиранды астынан құтқарылды. Қазір ауруханада, жағдайы қалыпты. Ал жер сілкінісінің оныншы күнінде, яғни 222 сағат өткен соң 42 жастағы Мелике Имамоглу үйінді астынан аман-есен шығарылды. Сирияда жылжымалы емханалар көмек көрсетуде. Мұнда зардап шеккендер соңғы 24 сағатта ғана келе бастаған. Бірақ әлі дәрі-дәрмек пен шығын материалдары жеткіліксіз дейді ұйымдастырушылар. Мохаммад МУСАТАТ, ЕРІКТІ ДӘРІГЕР: Жер сілкінісі кезінде көптеген медицина қызметкерлерінен айырылдық. Көптеген дәрігер қайтыс болды. Бұл - бізді осы жерде қызмет көрсетуге ынталандырған себептердің бірі. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек, құрал-сайман, керек-жарақтар жетіспейді. Сирияның солтүстік-батысындағы жер сілкінісінен 4400-ден астам адам қаза тауып, 8600-ден астам адам жарақаттанған. Жағдай қиын дейді билік өкілдері. Шатырлар жетіспейді, тағам, дәрі-дәрмек тапшы. Хусейн БАЗАР, СОЛТҮСТІК-БАТЫС СИРИЯДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ЖАРИЯЛАҒАН ҮКІМЕТІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Мәселе әрине, шатырда немесе тамақта емес. Халық өздерінің жақсы өмір сүруге лайықты екенін сезінгісі келеді. Ең бастысы - олар өмір сүріп жатқан блокададан өту. Сирияға гуманитарлық көмек алып барған экипаж елге оралды. 50 тонна гуманитарлық көмек Алеппо провинциясына жеткізілген. Жауапты мамандардың айтуынша, заттар жергілікті шенділердің көмегімен тұрғындарға таратылды. Ерлан ӘЛІМЖАНҰЛЫ, ИСЛАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 50 тоннаның көбісі төсек-орын жабдықтары, шатыр. 4 рейс болды. Солардың соңғы үшіншісі мен төртіншісі толық азық-түлік болды. Консерв түрінде. Ет консервасы және сүт, сгущенка. Қазір Түркияда 82 елдің құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарымен айналысуда. Жалпы 233 320 адам жұмылдырылған. Одан бөлек 13 322 техника, 24 үлкенді-кішілі кеме зілзаладан зардап шеккен аймақтарда қызмет етіп жатыр. 319 мобильді ас үй, 33 мобильді наубайхана баспанасыз қалған халықты ыстық тамақпен қамтамасыз етумен айналысуда. 2552 маман психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Зілзала салдарынан екі елде 40мыңға жуық адам көз жұмған. Ал іздеу-құтқару жұмыстары санаулы күнде аяқталуы мүмкін. С. Оралбеков

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада халықаралық STEM-олимпиада басталды
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
СҚО-да Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының экс-орынбасары ұсталды
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
CNN: Солтүстік Корея әскерлері қазірдің өзінде Украинада
Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тіліне аударылды
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі
Қостанай облысында жарылыстың алды алынды
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды