Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен кеше Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтар құрамында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша оған қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды. Бұған дейін лаңкестермен бірге Сириядағы соғысқа қатысты деген күдікке іліккен Қазақстан азаматы Ыстамбұлдан Алматыға жеткізілген еді. Ұсталған азамат сот санкциясымен қамауға алынды.