СҚО-да 100 мыңға жуық адам медициналық сақтандырылмаған

Солтүстік Қазақстан облысында бүгінде 99 468 адам медициналық сақтандырылмаған. Бұл өңір халқының жалпы санының 18,6%.«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының мәліметінше, медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген 2017 жылдың шілдесінен өткен жылдың соңына дейін қорға 36,4 млрд теңге жарна және аударым ретінде түскен. Оның ішінде 22,3 млрд теңге жұмыс берушілердің, 14 млрд теңге жеке кәсіпкерлердің үлесі. «2022 жылдың басынан бері Медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар 349 686 адамға түсті, олар жұмыс істейтін азаматтар, жеке кәсіпкерлер, дербес төлеушілер. Аударылған қаражат көлемі 14,7 млрд теңге. Ал облыс тұрғындарына міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек көрсетуге 21,8 млрд теңге бөлінді», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының директоры Лариса Гордеева. Статистика мәліметтеріне сәйкес, СҚО-да 1 ақпан 2023 жылы халық саны 534 024 адамды құрады. Олардың ішінде сақтандырылғандар саны 434 556 адамды немесе облыс халқының жалпы санының 81,4 %, Қазақстан бойынша көрсеткіш 82,5 % құрады. Ал сақтандырылмағандар саны 99 468 адамды құрады. «Былтыр 1 ақпанда 109 303 адам сақтандырылмағандар қатарында болды. Яғни 9835 адамға азайды. 273 760 адам жеңілдікті санатқа жатады. Мемлекет «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 26-бабына сәйкес олар үшін жарна төлейді. Облыстың қалалары мен аудандары бойынша сақтандырылмаған азаматтардың ең көп саны Петропавл қаласында тұрады – 46 943 адам. Ауылдық округтер бойынша Тайынша ауданы – 8994 адам, Айыртау ауданы – 6895 адам, Мағжан Жұмабаев ауданы – 5593 адам көш бастап тұр. Петропавл қаласында 46 943 тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған, сондықтан олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек ала алмай отыр», - дейді Лариса Гордеева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады