СҚО-да 150-ден астам елдімекен үш тәуліктен бері жарықсыз отыр

Солтүстік Қазақстан облысында 150-ден астам елдімекен ауа райының қолайсыздығына байланысты үш тәуліктен бері жарықсыз отыр.Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Есіл, Тимирязев және Шал ақын аудандарына қарасты ауылдар 18 қарашадан бері жарықсыз отыр. «Кей ауылда әлі толығымен жарық жоқ. Бүгін аталған жайтқа қатысты «Солтүстік Қазақстан электржелісін тарату компаниясы» АҚ әлеуметтік желі арқылы түсініктеме берді. Жазбаға сүйенсек, желілер мен бағаналар қатқан мұз бен желден үзілген, құлаған. Ең түйткілді мәселе Мағжан Жұмабаев ауданында тіркелді. Мұнда бағанға айтарлықтай зақым келген. Қазір арнайы бригадалар тиісті жұмыс жүргізіп жатыр», - деп жазады өңірлік MTRK.SKO Инстаграм паблигі. Ал «Петропавловск news» 18 басылымының жазуынша, 18 қарашада облыста 11 ауданда электр жарығы үзілген. 217 елдімекен немесе 33 мың абонент жарықсыз қалған. «Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 20 қарашада таңертең 10 аудан жарықсыз отырды, бұл 150 елдімекен немесе 21 мыңнан астам абонент», - деді ТЖ алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сәкен Ағзамов. Республикалық жолдардың тоғыз учаскесі, аудандық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тимирязевский және Мағжан Жұмабаев аудандарында мал іздеуге шыққан үш жігітке іздеу салынды. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты олар бағдарсыз қалған, қуанышқа орай, олар жақын маңдағы елді мекендерге жетіп үлгергені белгілі болды. Сондай-ақ өңірде қарлы боран кезінде 20-дан астам көлік жол шетіне шығып кеткен ұшып кеткен. Жол бойында қалған 60-тан астам адам қарлы дауылдан құтқарылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды