СҚО-да 25 жылға бас бостандығынан айырылған адам бостандыққа шықты

Солтүстік Қазақстан облысында қарақшылық, зорлау, ұрлық және кісі өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам 25 жылдан кейін бостандыққа шықты. Бұл оқиғадан тұрғындардың мазасы кетіп, алаңдаушылығын туғызды.Тоқсаныншы жылдардың соңында Петропавл тұрғындарын үрейде ұстаған қылмыскердің қолынан 10 әйел мен бір кішкентай қыз зардап шекті. Ер адам халық аз жүретін жерлерді торуылдап, құрбандарының артынан келіп, балтамен бастан ұрған. Зорлап, тонап, шешіп алған алтын бұйымдарды әйеліне сыйлаған. 1999 жылы қолға түскен маньяк, кесілген жаза — 25 жылды толық өтеп, бостандыққа шығып отыр. Бұл хабарды Петропавл тұрғындары үреймен қарсы алды. Қазір түрлі мессенджерлерде және әлеуметтік желіде бірін-бірі ескерткен хабарламаларды кездестіруге болады. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны осы жылдың 12 қаңтарында бас бостандығынан айыру орындарынан босап шықты. Алайда оған соттылығы толық өтелгенге дейін 8 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленген. «Бостандыққа шыққаннан кейін ер адам облыс орталығына келген соң, әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды. Полиция оны «әкімшілік қадағалауда тұрған адам» санаты бойынша профилактикалық есепке алды. Сот есепте тұрған адамға қатысты бірқатар шектеулер белгіледі: тұрғылықты үйінен сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін, қала сыртына шығуға болмайды, ішімдік мен есірткі тұтынуға, демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Белгіленген талаптарды бақылау үшін электрондық бақылау құралы — электронды білезік қолданылды. «Оны тексеру кестесі жасалды. Жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция бөлімінің басшылығы, сондай-ақ аймақтық жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары жауапты болып тағайындалды», - деді полиция қызметкерлері.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді