СҚО-да 3 күннен бері 20 елді мекен тұрғындары жарықсыз отыр

Солтүстік Қазақстан облысында боранның салдарынан электр қуатынан ажырап қалған елді мекендерге тек ертеңдері ғана жарық берілуі мүмкін.СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қайырбековтың айтуынша, 26 желтоқсан күнгі боранда барлық 13 ауданның 181 елді мекені жарықсыз қалған болатын. Қазіргі уақытта 8 ауданның 20 елді мекені электр қуатынан ажыраған. Олар: Есіл, Мамлют, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Қызылжар, Айыртау, Шал ақын және Тимирязев аудандары. Бұл – 1 053 абонент. «Үзілген жерлерді тез анықтап, қалпына келтіру мүмкін болмады. Оған біріншіден ауа райы әсер етті және жұмыс көлемі ауқымды. Бүгін-ертең барлығын қосуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта 92 апаттық-жөндеу бригадалары жұмыс істеп жатыр. 195 техника жұмылдырылған. Жалпы бізде кезекші апаттық-жөндеу бригадалары бар. Олар мереке күндері де кезекшілік атқарады», - дейді Ерлан Қайырбеков. СҚО бойынша бүгінде электр желілерінің 87%-ы тозған. Соның салдарынан қолайсыз ауа райында электр сымдары үзіліп, зардабын тұрғындар тартып жатыр. Естеріңізге салайық, 18 қараша күні де өңірде жауын мен дауылдың салдарынан 11 ауданда 217 елді мекен жарықсыз қалып, кейбір ауылдар электр қуатына тек бір аптадан кейін ғана қосылды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды