СҚО-да 50-ге жуық жасөспірім қыз жүктілікпен есепке алынған

Солтүстік Қазақстан облысында биыл кәмелет жасына толмаған 50 қыз жүктілік бойынша есепке алынса, тағы 32-сі ана атанды.СҚО-да ана атанған қыздардың ең жасы 14-те ғана. Жақында нәрестесін бауырына басты. Мамандардың айтуынша, кәмелет жасқа толмаған қыздар үшін жүктілік те, ана атану да өте ауыр жүк, олар мұндай физиологиялық өзгеріске психологиялық жағынан дайын емес. «Жас қыздар арасындағы жүктілік тек біздің облыс үшін ғана емес, ел көлемінде өте өзекті мәселе. Былтыр да өңірде 14 жастағы қыз ана атанды. Аудандардың бірінен келген. Қыздарының жүктілігі жайында ата-анасы да, мектеп мұғалімдері де хабарсыз болған», - дейді СҚО бойынша отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық жөніндегі үйлестіруші Марина Тимофеева. Былтыр СҚО-да кәмелет жасына толмаған 95 қыз жүктілік бойынша есепке тұрған. Биыл 49 қыз дәрігер бақылауына алынды. Олардың арасында жасанды түсік жасату да азаймай тұр. Маманның айтуынша, өткен жылы кәмелет жасына толмаған 56 қыз ана атанса, 17 қыз жасанды түсік жасатқан. Биыл 10 қыз баласын алдырып тастады. Мұның салдары ауыр болмақ, себебі жасанды түсік жасатқан қыздардың 25% енді ешқашан ана бола алмайды. Әсіресе, кәмелет жасқа толмаған қыздар үшін бұл өте қауіпті операция.

Читать источник astanatv.kz/kz/
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Алматыда «Birlik» би ансамблі концерт өткізеді
Түркістан облысында мемлекеттік нөмірдегі сүлгі үшін жүргізуші куәлігінен айрылды
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
Елдос Сметов “Жылдың үздік дзюдошысы“ шорт-парағына ілінді
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға арналған заңға түзетулер әзірленіп жатыр – Әшімбаев