СҚО-да алаяқ 80 жастағы әйелді алдап, 270 мың теңгесінің орнына қағазды ұстатып кеткен

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 80 жастағы әйел алаяққа жем болды. Полицейлер қылмыскерді алысқа ұзатпай ұстап, зейнеткердің тырнақтап жиған 270 мың теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданы Келлеровка ауылының 80 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалған. Бейтаныс әйел оның үйіне кіріп, әңгімеге тартқан, сөз барысында зейнеткердің жиі ауыруы оның жасына байланысты емес, «дуалаудың» салдары екендігін сендірген. Басыңдағы «дуаны» аламын деп, бірқатар мағынасыз әрекет жасағаннан кейін, алаяқ зейнеткердің жиған-терген ақшасын да «тазарту» керек деп айтқан. Алаяқтың сөзінен күмәнданбаған әжей барлық ақшасын – шамамен 270 мың теңгені алып шыққан. Кейін ол қайтарған ақшасын қайта санап, азайып қалғанын білген. Дереу полицияға жүгінген. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері алаяқтың зейнеткерге алдын-ала дайындалған сувенирлік қағаз ақшаларды бергенін анықтады. «Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру кезінде жедел уәкілдер қара түсті «Skoda Octavia» автомашинасын байқады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотталған Қостанай қаласының 50 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта іс материалдары ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа жіберілді. Тұрғындардан жалғызбасты қарт туыстарымен сөйлесіп, бөтен адамды үйге кіргізбеу қажеттігін және осындай түрлі «рәсімдер» жасау арқылы болатын алаяқтық туралы айтып түсіндіруді сұраймыз», - дейді аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Astana LRT» экс-басшысы сотта жеңіліп қалды
Қарулы күштерге биыл 100-ден астам жауынгерлік машина мен авиациялық техника қабылданды
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы соты блогер Шерниязовтың да жазаны жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырмады
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударылып қалды