СҚО-да бес мектептің 800-ге жуық оқушысы емтиханнан босатылды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты бес мектептің оқушысы - 754 бала барлық емтихандардан босатылды.СҚО білім басқармасының мәліметінше, Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен Петропавл қаласындағы №12,13,14 орта мектептері және Қызылжар ауданындағы Озерный мен Большая Малышка ауылдарындағы білім ордаларының оқушылары емтихандардан босатылған. «Білім сапасы бірінші орында тұр. Сондықтан мамырдың 27 мен 31 аралығында және тамыздың 26 мен 30 аралығында жазғы мектеп жұмыс істейтін болады. Онда 1-8 және10 сынып оқушылары өткен тақырыптарды қайталайды. Жазғы мектептер облыстың 422 білім ордасында ұйымдастырылып, 21 мыңнан астам оқушыны қамтымақ», – дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Татьяна Протопопова. СҚО-да биыл 9-сыныпты 7 мыңға жуық бала бітіреді. Ал 11-сыныпты 3,3 мың оқушы тәмамдамақ. Облыста 11-сынып түлектерінің 85-і «Алтын белгіге» үміткер. Ал ерекше үлгідегі аттестатқа 11-сыныптың 177 және 9-сыныптың 382-і оқушысы қол жеткізуі мүмкін. «Мектепті бітіру, сынып сағаттары, аттестаттарды тапсыру іс-шараларын ұйымдастыру кезінде педагогикалық әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, мерекелік іс-шаралар агенттіктерін, жеке студияларды тартуға, авто және лимузиндерді жалға алуға қаражат жинауға жол берілмейтінін атап өткім келеді. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар жинауға тыйым салынады», - дейді Татьяна Протопопова. Аттестаттар маусымның 12 мен 15 аралығында мектептерде табысталмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Күн күрт суытады
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жіберген