СҚО-да газ құю стансасында баллон жарылып, бір адам ауыр жарақат алды

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы газ құю стансасында 5 литрлік газ баллоны жарылып, осы орталықтың жұмысшысы, ер адам күйік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 ақпан күні сағат 14.32 минут кеткенде «101» қызметіне Есіл ауданы Явленка елді мекені, Ибраев, 75 мекенжайында өрт шыққандығы туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде «Алыс Газ» ЖШС-нің операторы отыратын ғимараты көк түтінге оранған екен. «Явленка елді мекеніндегі газ құю стансасының 42 жастағы жұмысшысы 5 литрлік газ баллонын даладан ішке кіргізіп, жылыту батареясының жанына қойған. Ол біраздан кейін ашылып кетіп, жарылған. Арты өртке ұласқан. Газ баллоны газ мөлшерін өлшеу үшін қолданылған екен», - дейді Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жұлдыз Есенғазин.Салдарынан ер адамның денесінің 90 пайызын күйік шалды. Мамандардың айтуынша, қазір жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Өрттен ғимараттың шатыры толық жанып кетті, қабырғаларына, есік, терезесіне және жиһазға зақым келді. «Өрт сағат 15.03-те толық сөндірілді. Осы дерекке қатысты Төтенше жағдайлар бөлімі қылмыстық іс қозғады», - дейді Жұлдыз Есенғазин.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді