СҚО-да қараусыз жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды

    СҚО-да WhatsApp-чаттан келген хабарламадан кейін қаңғыбас малдың иесі жауапқа тартылды – деп хабарлайды Астана телеарнасы Polisia.kz сілтеме жасап.Қараусыз жүрген жылқылар туралы ақпарат WhatsApp мессенджеріндегі ауылдық чаттардың бірінде тараған. Ақпарат бірден жергілікті учаскелік полиция Арман Сатеновке жолданады. Нәтижесінде учаске полициясы Явленка ауылының шетінде орналасқан мекенжайға барып, қараусыз жылқылар мен иесін тапқан. Жылқылардың иесіне мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.«Мұндай фактілер жиі кездеседі. Жұмыстың сервистік моделі аясында полиция бөлімінің жеке құрамы тұрғындардың қоңырауларына ғана емес, әлеуметтік желілердегі, мессенджерлердегі полицияның құзыретіне кіретін хабарламаларға да жедел ден қояды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, заңнаманы түсіндіру бойынша үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, қаңғыбас жануарлар арнайы мал қамайтын орындарға қамалуы мүмкін. Ауыл тұрғындарына жануарларды қараусыз қалдыруға болмайтынын еске саламыз. Олар ұрылардың объектісіне айналуы немесе қайғылы салдармен аяқталуы мүмкін жол-көлік оқиғасына себеп болуы ықтимал», – деп атап өтті Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.Соңғы 12 айда СҚО-да 10400 астам ауыл шаруашылық жануары арнайы қораларға орналастырылды, еркін жайылымға жол бергені үшін облыстың 4334 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Көрсеткіш нөлге тең". Павлодарлық ұн тартушылар мұңын шақты
Қазақстандық спортшылар Түркияда 4 медаль жеңіп алды
Павлодарда өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті жойды
Жастар жемқорлыққа қарсы
Алматыдағы ботаникалық бақ жабылады
Төлепберген Тоқжанов: Сөзбен жеткізе алмағанды күймен жеткізген халықпыз
Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі балаларды қағып кетті: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
«Қазгидромет» мамандары сел қаупіне мониторинг жүргізуді бастады
Шалахметов шеңберіндегі штрихтар
"Көрсеткіш нөлге тең". Павлодарлық ұн тартушылар мұңын шақты
"Олар қайтыс болған ұшқыштарды кінәлі деп деп тануға шешім қабылдады". Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының тергеуіне не жетпейді?
Еріктілер 10 мың тоннадан аса гуманитарлық көмек жинады
Ресей әскери күштері Нигердегі АҚШ базасын басып алды – DW
Судья сот отырысында Бишімбаевтың қорғаушысына үш рет ескерту жасады
1,2 млрд теңге залал: Астанада мамандандырылған ХҚКО басшысы мен мамандары сотталды
Су қойманың орнынан көне қала табылды
Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзі: судья адвокат Ғазымжановқа тағы бірнеше ескерту жасады
Түркістанда 7-сынып оқушысы әкесінен жүкті болып қалған
Щучинскте жылу құбыры траншеясынан әйел мәйіті табылды 
Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
Астанада белгісіз біреулер Назарбаевтың портретін қоқыс контейнеріне іліп кеткен
TikTok бір түнде жоқ болып кетеді
Бишімбаев Салтанатты өлтіру үшін киллер жалдайтын еді - адвокат
Сарбазды аспанға оқ атып, қарсы алғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды