СҚО-да кәсіпорын 45 кг сынапты заңсыз сақтап келген

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін аяқтады. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Дәрмек» жедел алдын алу шарасының мақсаты — есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтау.Бес күн ішінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 55 өнеркәсіптік және медициналық мекемені тексерді.Соның он үшінде заң бұзушылықтар анықталды.«Құрамында есірткі бар препараттарды сақтау мен пайдаланудың қатаң ережесі бар, бұл олардың „қара нарыққа“ енуіне жол бермеу үшін қажет. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға қатысты 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 16 кг 720 гр прекурсор, 1030 ампула және 120 психотроптық дәрі, 394 есірткі ампуласы тәркіленді. Сондай-ақ, кәсіпорындардың бірінде жойылуы тиіс сынаптың қоры табылды. Улы заттың жалпы салмағы — 45 кг», — дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров. Іс-шараны өткізу кезеңінде СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп, өткізудің екі фактісінің жолын кесті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында білім бөлімінің қызметкерлері 12 млрд теңге жымқырған
Депутаттар Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты
10 қаңтар – Ұлттық Ұлан құрылған күн
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі