СҚО-да мас күйде жүрген 8 жасөспірім анықталды

СҚО-да 4 күн ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс болуы туралы 100-ден астам факт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 9-12 наурыз аралығында “Жасөспірім” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жастардың ықтимал жиналу орындары бойынша күшейтілген рейдтер өткізілді. Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болуының 110 фактісін тіркеді, оның 16-сы Петропавл қаласы бойынша анықталған. 8 жасөспірім мас күйінде байқалды: төртеуі аудандарда болса, төртеуі облыс орталығында. Құқық бұзушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілді. Петропавлда ювеналды полицейлер 60-тан астам мекенжайға барды. Сондай-ақ аралау нәтижелері бойынша бір алкогольді асыра пайдаланатын ата-ана мен үш жасөспірім есепке алынды. Солардың біріне анасының өзі шара қолдануды өтінді. Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірім үйден бірнеше рет өз еркімен кетіп қалған.– Енді онымен профилактикалық жұмыс жүргізілетін болады, қайталанған құқық бұзушылықтар кезінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысына материал жиналуы мүмкін. Сондай-ақ ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері мектептерге сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарына қатысу үшін келді. Олар қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтып, заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершілікті еске салды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты - кәмелетке толмағандардың оларға қатысты да қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу, – дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімов. Іс-шара барысында барлығы 176 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 46 заңды өкіл жауапқа тартылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды