СҚО-да мас күйде көлік жүргізіп, екі адамды соғып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тас жолда екі адамды соғып оқиға орнынан қашып кеткен ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.СҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға былтыр 5 тамызда сағат 23.30 шамасында М.Жұмабаев ауданында орналасқан автожолда болған. Е. есімді жүргізуші «Toyota Land Cruiser 100» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, жолда Х. және К.-ны қағып кеткен, сондай-ақ «Audi-80» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін Е. қылмыс орнынан қашып кеткен. Х. және К. оқиға орнында алған дене жарақаттарынан қайтыс болды.Сот отырысында сотталушы Е. прокурормен іс жүргізу келісімін жасау үшін мүмкіндік беру туралы сотқа өтініш білдірді. Мұндай келісімді жасаудың міндетті шарты - жәбірленушілердің келісімі. Осылайша прокурор мен сотталушы Е. арасында жәбірленушілердің келісімімен іс жүргізу келісімі жасалды. Прокурор сотта Е.-ге көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға және қылмыстардың жиынтығы бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза қолдануға өтініш беретін болды.Келісім шарты бойынша сотталушы Е. жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді төлеуге және іс жүргізу шығындарын өтеуге міндеттелді. Қорғаушы тарап іс жүргізу келісімі мен прокурор сұраған жазаны қолдады.Іс жүргізу келісімінің барлық шартының сақталуын ескере отырып, сот тараптардың пікірін ескере отырып, Е.-ні 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, қылмыстар жиынтығы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Біз – Алагөзовтерміз»: Баян Мақсатқызына қайын атасы ерекше пікір қалдырды
Қазақстанда қандай пойыздарда әйелдерге арналған вагондар бар?
Мүфтият бұрынғы бас мүфтиге көлік мінгізді
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда