СҚО-да полицейлер палаткада түнеген шетелдік туристке көмектесті

СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне шетелдік велосаяхатшы жолықты, деп хабарлайды Polisia.kz.«Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетіндегі ауысым құрамында кезекшілікте тұрған патрульдік полицияның аға инспекторы Асқар Сердалинов 21 мамыр күні таңертең жол үстінен сәл алшақтау жердегі орман ішінен туристік палатканы байқап қалған. Оның ішінде жаңбырдан соң үсті-басы малмандай су болған велосаяхатшы түнеп жатқан.Ол Мексика елінің Энрике Рамирес есімді 57 жастағы азаматы болып шықты.Тәртіп сақшылары оны бекетке шақырып, ыстық шай берді. Патрульдік полицейлер халықаралық тілді жақсы меңгерген СҚО полиция департаментінің аға инспекторы Нұрбек Баекинмен бірге смартфондағы веб-аудармашының көмегімен шетелдікпен ағылшын тілінде сөйлесті.Мексикалық азамат Ресейден Астана қаласына бара жатқанын, кейін Саратов қаласындағы музыкалық фестивальге қатысатынын айтты.Су тасқынынан кейін ылғалды орманда киімдерін ұзақ уақыт кептіруге тура келген.«Қуанышқа орай, Петропавл қаласынан полицейлер оған уақытша баспана тауып берді. 22 мамыр күні Энрике полиция қызметкерлеріне қамқорлықтары үшін алғысын айтып, жолға шықты. Полицейлер оған жол үстінде мұқият болуды айтып, жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет екенін еске салды. Жол үстінде көмек қажет болған жағдайда полиция қызметкерлеріне жүгінуге кеңес берді. Полицейлердің айтуларынша, шетелдік велосаяхатшылар Солтүстік Қазақстан облысы арқылы сирек өтеді екен. Сондай-ақ алыс жолға шығуды құмартатындарға сапарға шықпас бұрын ауа райын қарап алуға, жол шетіне шығып, ауыр жүк көліктеріне жол беруге, қауіпсіздіктері үшін арнайы шлем киюге және жақсылап дайындалуға кеңес береді», - делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Досаев кәріз желілерін салу барысымен танысты
100 градустан асатын аптап ыстық болады: миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді
Вейптерге тыйым салынды: полиция қандай жаза қолданылатынын түсіндірді
Кто спускает указания правительству и парламенту?
100 градустан асатын аптап ыстық болады: миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді
Қостанай облысында өзенге батып кеткен екінші қыз өлі табылды
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қашан заңды түрде жұмыс істей алады
Конституциялық заңдылық: Эльвира Әзімова бірнеше ұсыныс жасады
Алматы әкімі жылу магистралін жаңғырту барысымен танысты
ШҚО тұрғыны 30 жылдан астам уақыт еш құжатсыз өмір сүрген
Алматыда көлік көп жүретін көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі
Пойыздағы интернет қашан дұрысталады? - комитет жауабы
АҚШ елшісі тұңғыш рет Ұлытау облысында болды
«Өл, өлтір» деп сыбырлаған»: Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға үкім шықты
Медеу төрінде «IQanat – Мың бала»: Олимпиаданың ақтық сынына 1000 бала қатысты
Досаев кәріз желілерін салу барысымен танысты
Журналист Айдос Садықовты өлтірмек болған күдіктілер ұсталды: ІІМ пікір білдірді
ХҚО мәліметтер базасын бұза отырып, 35 жүргізуші куәлігін алып берген
Астанада 14 автобус бағдарын өзгертті
«Таза-Талас» басшылығы мемлекеттен 22 миллион теңге жымқырған
Парламент палаталарының бірлескен отырысы: Қандай мәселелер қаралады
Елмізде доллар мен рубль бағамы тағы өзгерді
«Бәсе» каналы басына бәле болды ма?: Саясаткер Айдос Садықта кімнің өші барына болжам жасады
Биыл ChatGPT чаты қазақ тілінде іске қосылады