СҚО-да тағы 300 үйдің құрылысы басталды

СҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер үшін тағы 300 үйдің құрылысы басталды. Ауқымды жоба «Қазақстан халқына» қоры мен басқа да отандық компаниялардың қаржыландыруымен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.Петропавлдың Солнечный-2 шағынауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған алғашқы 100 үйдің құрылысы 24 сәуірде басталған. Қазір ондағы жұмыс 70 пайызға орындалды. Сондай-ақ мамырда тағы 100 тұрғын үй салына бастаған. Осылайша 200 нысанның жұмысына «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 5 миллиард теңгеге жуық қаржы құйылды. Тағы 300 үйдің құрылысы жақында қолға алынған. – Үй әлі де салынады деп естідік. Өте қуаныштымыз. Құрылыс енді басталып жатыр. Бәрі уақытында аяқталып, жақын арада көшеміз деп ойлаймыз, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Қанат Зікірин. Астаналық компания жүргізіп жатқан 300 үйдің құрылысына панельді темірбетондар бас қаладан жеткізіліп жатыр. Бүгінде бұл шаруаға 20-дан астам техника жұмылдырылған. – Іргетасын құйып жатырмыз. Бұрғытолтырмалы тіреуіштерді, жолақ іргетасын орнатып болған соң, қайта құямыз. Астанадан дайын материалдар, панельдерді әкелеміз. Қабырғасын көтеріп, сосын шатырына кірісеміз, – деді жоба менеджері Алмас Тілеубаев. Жауаптылардың айтуынша, жобаны мүмкіндігінше тезірек аяқтау жоспарланған. Компания өкілдері үйдің сапасы жоғары деңгейде болатынын атап өтті. – Үйлердің сапасына аса мән берілуде. Темірбетонды ғимараттар болады. Олар зауыттан дайын келеді. Жылу жағынан да қарапайым тұрғын үйлерге қарағанда баспаналардың сапасы жоғары болмақ, – деді құрылыс компаниясының атқарушы директоры Айдос Сәдуақасов. 500 үйдің құрылысына 23 компания жұмылдырылған. Оның бірі Теміртаудан, екіншісі Астанадан болса, қалған 21-і жергілікті мердігерлер. Алғашқы 200 үйдің құрылысына 1200-ге жуық адам мен 600-ге жуық техника жұмылдырылған. Ал 300 нысанға арналған жобада бүгінде 100-ден астам адам еңбек етуде. Алда жұмысшылар санын арттыру көзделген. – 500 үйдің сапасы бірдей болады. Олар бір типтік. Яғни, шаршы метрі әр үйден 80 метрді құрайды. Оған қоса 10 сотық жер бөлінеді. Онымен қоса үйдің ауласында отын, көмір салатын қора салынып, қоршалады, – деді облыстық Құрылыс басқармасының баспасөз хатшысы Майгүл Елемесова. 500 үйді тамызға дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. 200 үй газ блоктарынан салынады, қалған 300-і панельді болмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Депутаттар есеп берді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды