СҚО-да үш адамның өліміне қатысты іс алқабилер сотында қаралып жатыр

СҚО-да үш адамның өліміне қатысты іс алқабилер сотында қаралып жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.Солтүстік Қазақстанда 3 адамның өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Айыпталушы 25 жастағы Александр Канищев өз інісін, азаматтық некедегі әйелі мен оның қызын өлтіріп, артынша үйін өртеп жіберді деген күдікке ілініп отыр. Марқұмдардың мәйіті былтыр қыркүйекте жеке үйдің аумағынан табылған. Сараптама қортындысына сәйкес, мамандар 3 адамның да өрттен қайтыс болғанын жоққа шығарды.Александр Канищев – сол бір қаралы түні өрттен аман шыққан жалғыз адам. Сотталушы оқиға болған күні әйелі мен балаларды қызыл жалыннан алып шықпақ болғанын алға тартып отыр. Алайда айыптау қортындысы мен сараптаманың нәтижесіне сәйкес, ол сүйіктісі мен оның қызын және інісін азаптап, тұншықтырып, өртеп жіберген көрінеді. Бірақ айыпталушы әлі күнге дейін кінәсін мойындамады.– Мен ұйықтап жатқанда үйде балалар болған, әйелім тамақ дайындап жатты. Мүмкін асығып, темекісін сөндірмеген болар. Өрт тұтанғанда өз өмірім үшін емес, олардың өмірі үшін көбірек уайымдадым. Біз онымен ұзақ уақыт бірге тұруды жоспарлап едік, – деді сотталушы Александр Канищев.Ал өртеніп кеткен баспана айыпталушының анасының үйі болып шықты. Александр азаматтық некедегі әйелі және оның бір жасар қызымен жатақханада тұрған.– Олар менің үйімде болды. Себебі кіші ұлым Савелийге қарайтын. Савелий одан басқа ешкіммен қалмайтын. Ол тек Алина және Сашамен отырғанды қалайтын. Ол оған ағасы әрі әкесі сияқты болды, – деді сотталушының анасы Оксана Шарая.Сараптама нәтижесіне сәйкес, бірінші 1 жастағы қыз көз жұмуы мүмкін. Бүлдіршіннен бас сүйектерінің сынуы мен ауыр бас ми жарақаты анықталды. Тексеріс 21 жастағы әйел өрт пен көмірқышқыл газынан уланғанын көрсетті. Сараптама сотталушының 4 жасар інісі де өртке дейін көз жұмған деген қорытынды шығарды.– Қатты есеңгіреп, не істерімді де білмей қалдым. Бастапқы нұсқасында олар өрттен уланып қайтыс болды деген, ақпаратты қабылдай бастағанымызда, балам мен немеремді өлтірді дегенді естіп, есім шығып отыр, – деді марқұм А. Котяштың анасы Надежда Котяш.Жантүршігерлік оқиғаның алдында Александрдың достарымен бірге жатақханада ішімдік ішкені белгілі болды. Тіпті шуға наразы болып, тыныштықты талап еткен көршілерімен де жанжалға түскен. Айта кетейік, дүйім жұртты дүр сілкіндірген іс алқабилер сотында қаралып жатыр. Егер қазылар сотталушыны бірауыздан кінәлі деп тапса, айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Олимпиададан кейін шымкенттік балалардың дзюдоға қызығушылығы едәуір артқан 
Үш каратэшіміз әлемнің үздіктері қатарына енді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Түсіп қалған тістердің орнына жаңасын өсіретін дәрі бар
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондаған адамды біріктірді
Семейде мұғалімдерді шырша безендіруге тартқандар жауапқа тартылады
“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
Балқашқа былтырғыдан 4 млрд текше метр артық су жіберілді
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды