СҚО-да заңсыз сақталған 27 қару тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тіркелмеген 27 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қару» жедел-алдын алу шарасы тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алуға бағытталған. Құқық бұзушыларды анықтау мақсатында қылмыстық полиция бөлімшелері учаскелік инспекторлармен тығыз жұмыс істеді. Қызылжар ауданында Соколов кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері екі ауылдың 57 және 60 жастағы тұрғындарынан тіркелмеген «ИЖ» және «ТОЗ» аңшылық мылтығын анықтады. Екі тұрғын да қарудың әкелерінен қалғанын айтқан. «Қаруды туыстарының «көзі» және естелік ретінде сақтауға болмайды. Мылтықтың иесі қайтыс болған жағдайда қаруды полицияға тапсырып, кейіннен өз атына тіркеуге немесе комиссиялық сатуға қоюға болады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 482-бабына сәйкес ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды сақтау заңға қайшы, бұл үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған», – дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев. Небәрі 10 күннің ішінде СҚО полицейлері 27 тіркелмеген атыс қаруын, 2 суық қаруды және түрлі калибрлі 157 патронды анықтап, тәркілеген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өскеменде із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қыздың мәйіті өзен жағасынан табылды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады