СҚО-дағы медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су басқан аймақтардағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету жағдайымен танысты.Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 10 мың 300 адам эвакуацияланды, уақытша орналастыру пункттерінде 700 тұрғын бар.Тимур Сұлтанғазиев қатты су басқан Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының эвакуациялық пункттерінде болды. Мұнда ол медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, дәрі-дәрмек қорларының жеткіліктілігіне көз жеткізді. Бұдан әрі бірінші вице-министр Петропавлдың 1-ші қалалық ауруханасы жанындағы инфекциялық бөлімшенің жұмысымен танысты.Су тасқыны салдарынан зардап шеккен Заречный кентінің тұрғындары қаланың екі мектебіне орналастырылды. Олар тәулік бойы психологтар мен дәрігерлердің бақылауында.Бұдан басқа, облыстық перинаталдық орталыққа су басу қаупі төнген шалғай аудандар мен ауылдардан жүкті әйелдер алдын ала жеткізілді. Олар перинаталдық орталықта білікті медициналық көмек алуда.Жұмыс сапары барысында облыстық әкімдіктің жанынан құрылған Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аумақтық жедел штабтың отырысы өткізілді. Жиында Тимур Сұлтанғазиев өңір тұрғындарын сапалы медициналық көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде көлік қағып кеткен зейнеткер көз жұмды
«Барселона» Френки де Йонгты сатуға шешім қабылдады
Владимир Путин Ресейде жыл спортшысы деп танылды
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды
Тәртіп сақшысының қайырымды ісі көпшіліктің жүрегін елжіретті
Астанада 24 мектеп ашылды
Оңтүстік Кореяда жеті күндік аза тұту жарияланды
Моңғолиядағы қазақ балуаны «Президент кубогында» екінші орын алды
Қызылордада есірткі притоны жойылды