СҚО полицейлері бес күнде есірткіге қатысты 20 құқық бұзуды анықтады

СҚО-да өткен аптада дәріханалар мен медициналық мекемелер полиция қызметкерлерінің назарында болды.Тәртіп сақшылары құрамында есірткі бар заттардың заңды айналымындағы ережелердің сақталуын тексерді. Мұндай заттар қылмыстық ортаға түсіп кетпеу үшін оларды сақтау және пайдалану заңмен қатаң бақылауға алынған. Бұдан бөлек, өз жұмысында прекурсорларды пайдаланатын кәсіпорындар да тексерілді. Полицейлер айтып өткендей, бұл саладағы тұлғалар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қараған, дегенмен, 11 құқық бұзушылық анықталды. Олардың арасында Петропавлдағы дәріханалардың бірінде әсер ету күші қатты дәрілік затты рецептісіз сату фактісі де бар. Фармацевт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша жауапқа тартылды. «Аталған жұмыс 24-28 шілде аралығында өткен “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілді. Сонымен бірге басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар да тоқтатылмады. Іс-шара өткен 5 күнде 200 граммнан астам α-PvP синтетикалық есірткісі, 42 килограмм кептірілмеген марихуана тәркіленді. Жедел-профилактикалық іс-шара өткен уақытта барлығы түрлі 20 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 9-ы қылмыстық, оның ішінде 3-уі есірткі өткізу фактілері. Аталған фактілерге қатысты сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Руслан Үмбетов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқашқа апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусымға дейін ашылады
Павлодарда балаларына қарыз әке ұсталды
Қосымша жұмыс істегені үшін қызметтен кетті
Қазақстандық теннисші қатарынан екінші турнирде жеңіске жетті
Қосшы қаласында 100-ге тарта отбасы қоныс тойын тойлады
Лепсі арқылы Балқаш көліне апаратын жол қашан ашылады
Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту оңайлауы мүмкін