СҚО прокурорлары бизнеске қатысты 29 салық тексерісінің күшін жойды

Талдау барысында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын салықтық тексерулерді заңсыз жүргізуде көрсетілген өрескел бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Петропавл қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары Кодекс талаптарын бұза отырып, кәсіпкерлерге қатысты белгіленген заңды негіздерсіз 9 салықтық тексеру жүргізген. Тексерулерді тағайындауға облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің негізсіз тапсырмасы себеп болды. Осындай заңсыз тексерулер Есіл, Қызылжар, М.Жұмабаев, Шал ақын және Мамлют аудандарының мемлекеттік кіріс органдарында да анықталды. Қадағалау органының актілері бойынша мемлекеттік кірістің аумақтық органдарының лауазымды адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, 29 салықтық тексеру заңсыз деп танылып, күші жойылды. Сонымен бірге, облыстық қадағалау органының шаралары бойынша тексеру жүргізу туралы заңсыз тапсырма бергені үшін департаменттің жауапты басшылары сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде қабылданған қадағалау шаралары облыстағы 29 кәсіпкердің құқығын заңсыз салықтық тексерулерден қорғауға мүмкіндік берді. Қадағалау органы бизнес субъектілеріне олардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда, олар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (байланыс нөмірі +7-705-842-73-06) арқылы облыстық прокуратура қызметкеріне тікелей хабарласа алатындықтарын еске салады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылы елімізде төлқұжат алғандар саны рекорд көрсеткіш орнатты
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды
Президент KIS Astana халықаралық мектебіне барды
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты