СҚО шаруалары Астанадағы жәрмеңкеге 700 тоннадан астам өнім әкелді

Астанадағы Тәуелсіздік даңғылының бойында, «Шабыт» өнер университетінің алдында Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр.Таңертең сағат 9.00-де басталған жәрмеңке кешкі 18.00-ге дейін жалғаспақ. Солтүстік Қазақстан облысынан 110 кәсіпорын жалпы салмағы 733 тонна болатын 100-ден астам өнім түрін әкеліпті. СҚО шаруалары Астанадағы жәрмеңкеге 700 тоннадан астам өнім әкелдіСҚО шаруалары Астанадағы жәрмеңкеге 700 тоннадан астам өнім әкелді Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform Оның басым бөлігі — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік: — 495 тонна картоп пен көкөніс; — 100,7 тонна ет; — 33 тонна сүт және сүт өнімі; — 70 тонна ұн; — 10 тонна макарон және кондитер өнімі; — 10,5 тонна бал өнімі; — 120 мың дана жұмыртқа; — 5 тонна балық; — 2 тонна жарма. Жәрмеңкедегі баға базар бағасынан 15-20 пайыз арзан болғандықтан ба, жәрмеңке алаңындағы халық нөпірінен аяқ алып жүрудің өзі мұң болды. СҚО шаруалары Астанадағы жәрмеңкеге 700 тоннадан астам өнім әкелді Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform Сиыр етінің орташа бағасы бір киллограмына 2200 теңге, жылқы еті 2500-2700 теңгеден, қазы мен жаясы 3000-3500 теңгеден, қой еті 2200 теңгеден, тұтас ұшасы 2100 теңгеден сатылып жатыр. Балдың бір киллограмы 2000 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн 220 теңгеден, майлылығы 2,5% сүттің литрі 350 теңгеден, қолдың қаймағы — 1850 теңгеден, ірімшік — 950 теңгеден, сары май 4000-4500 теңгеден, картоптың бір киллограмы 100 теңгеден, қырыққабат — 120 теңгеден, сәбіз — 110 теңгеден, пияз — 100 теңгеден өтіп жатыр. Жәрмеңкеден дорбасын толтырып қайтып бара жатқан егде жастағы жұпты әңгімеге тарттық. «Негізі Арқалық жақтың қазағымыз. Қазір осында тұрамыз. Солтүстіктен жәрмеңке келеді деген соң арнайы келгенбіз. Сол немерелерге ауылдың таза өнімін берейік деген ниет біздікі. Әжең екеуміз де зейнеттеміз. Біз сияқты қозғалысы адамдарға мұндай жәрмеңкелер өте тиімді. Тіпті апта сайын болып тұрса, артық етпес еді», — дейді Төлеш Қанафин. Ал «Северный бройлер» құс фабрикасының директоры Талғат Мақтаев жәрмңкеге өнімі Астана халқына таныла берсін деген ниетпен келгенін айтады. «Жәрмеңкеге 6 тонна құс етін әкелдік. Халықтың сұранысы жоғары. Өйткені базар бағасынан 15-20 пайыз төмен ұстап тұрмыз. Астананың төрінде жәрмеңке өтетінін естігенде бірден жиналдық. Бізді мұндағы халық та тани түссін, „Ерке құс“ сауда белгісінің өнімі сапалы екенін біліп жүрсін деп арнайы келдік. Әзірге саудамыз жүріп жатыр. Алыстан келген еңбегіміз еш кетпейтін сияқты», — дейді кәсіпкер. Облыстың өнерпаздары жәрмеңкеге келушілердің құрметіне концерт қойып, шараның көрігін қыздырып жатыр. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған
"Барыс" ойнаған жаңа турнирде бес шайба соғылды
Газ техникалық КММ-сі қала тұрғындарына газ жабдықтарын  қауіпсіздік ережелеріне сай қолдануға шақырады
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі