Іздеуде болған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны үш жылдан кейін өзге өңірден табылды,-деп хабарлайды Рolisia.kz.Үш жылға созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы тұрғынының Ақмола облысында жүрген жері анықталды. 2020 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Александр Смирновты іздеу оң нәтиже берді. 6 ақпан күні ер адамның Ақмола облысы Біржан сал ауданында тұрақтағаны белгілі болды. Ер адамның ұзақ уақыт бойы шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істегені, оған қатысты ешқандай күш қолданбағаны анықталды. Смирнов өз еркімен туыстарымен байланысқа шықпаған. Сонымен қатар ол өзін осыншама көп адам іздеп жүргенін білмеген.Александр Смирнов Петропавлға барып, отбасымен кездесуді жоспарлап отыр.