Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында зейнеткердің аяғын скотчпен байлап, дене жарақаттарын салып, тонап кеткен күдіктілер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері ауыр қылмыстың бетін ашты. Полиция бөліміне қаланың 73 жастағы зейнеткер тұрғыны екі белгісіз адам оның үйіне кіріп, аяғын скотчпен байлап, оған дене жарақаттарын келтіріп 70 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлағаны туралы хабарлаған.Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Тәртіп сақшылары күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар 1960 және 1981 жылы туған жергілікті тұрғындар болып шықты, екеуі де бұрын ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қаскүнемдер кінәсін мойындап, қылмыс алдын ала сөз байласу арқылы жасалғанын айтты. Сондай-ақ жәбірленуші егде жаста болғандықтан оларға қарсы тұра алмайтынына сенімді болған, сөйтіп бағалы тұрмыстық техниканы үйден шығару үшін қылмыс орнына қайта оралуды жоспарлаған. Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі (Тонау) бойынша соталды тергеу басталды. Бұл қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.