Словенияда 24 сағат ішінде бір айдың нормасына сай жауын-шашын жауды. Толассыз жаңбырдың арты су тасқынына ұласты. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл елдің жаңа тарихындағы ең ірі табиғи апат.Толассыз нөсерден туындаған су тасқыны кем дегенде төрт адамның өмірін қиды. Табиғи апаттың шығыны 500 миллион еуродан асады деп болжануда. Ауа-райының қолайсыздығы словениялықтар үшін нағыз сынақ болды. Оңтүстік Еуропа елінде бір айлық жауын-шашынның нормасы жауды. Оның аумағының үштен екісі су тасқынынан зардап шекті. Көптеген ғимараттар су астында қалды. Жолдар мен көпірлер бұғатталды. Ондаған мың үй электр қуатынсыз қалды. «Келтірілген залалдың сомасы аз емес, өйткені Словенияның үштен екісі зардап шекті және қалыпты өмірге оралу үшін біраз жұмыс жасау керек», - деді Словения Премьер-министрі Роберт Глоб. Мыңдаған адамдар эвакуацияланды, олардың көпшілігін тікұшақтар және қайықтардың көмегімен жедел жәрдем қызметкерлері құтқарды.