СІМ әскери төңкеріс болып жатқан Суданда қанша қазақстандық барын айтты

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 15 сәуірден бері қарулы қақтығыс басылмай жатқан Суданнан эвакуацияланған ел азаматтарының саны туралы мәлімдеді."Судандағы қарулы қақтығыстың күшеюіне байланысты Мысырдағы және Эфиопиядағы елшіліктеріміз, сондай-ақ Джиддадағы бас консулдық Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселемен айналысып жатыр. Бастапқыда ол жақтағы Қазақстанның үш азаматы ғана белгілі болған. Кейін ақпарат БАҚ-та жарияланғаннан кейін Судан аумағындағы тағы 14 азаматымыз министрлікке жүгінді", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан елшіліктерінің есебіне сәйкес, қақтығыс өршігенге дейін Суданда барлығы 17 Қазақстан азаматы болған. "Олардың көпшілігі Суданға жеке тау-кен компаниясында жұмыс істеу үшін келген. Бүгінде Суданда орналасқан Ресей, Түркияның Эфиопия, Иордания елшіліктерінің көмегімен, Қазақстанның алты азаматы эвакуацияланды", - деді ол. Смадияров азаматтардың Иордания, Сауд Арабиясы, Жидда және Эфиопияға жеткізілгенін атап өтті. "ЮНИСЕФ қызметкері болып табылатын Қазақстанның бір азаматы Иорданиядағы ЮНИСЕФ кампусына орналастырылды, тағы бір отандасымыз өз өтініші бойынша Әмірліктерде қалуды ұйғарды .Біздің төрт отандасымыз Қазақстанға келді. 17 азаматтың алтауы Суданнан тыс жерлерге кетті. Біздің қалған 11 азамат өз қалауы бойынша Суданда қалды. Оның 10-ы-тау-кен өндіруші жеке компанияның қызметкерлері. Бір азамат - "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының қызметкері. Ол сонда қалуды шешті, біз де онымен байланыстамыз", - деді Смадияров. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Суданда Қазақстанның елшілігі болмағандықтан, азаматтар шетелдік елшіліктердің көмегімен жүзеге асырылатынын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді